Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Стационарлық және стационарды алмастырушы (күндізгі стационарлық емханалар) деңгейдегі тегін көмектің кепілденген көлемі аясында тұрғындарды дәрілік қамтамасыз ету медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларына сай жүзеге асырылады. 

Ұйымдардың дәрілік формулярлары қаланың медициналық ұйымдарының ақпараттық стендтерінде ілінген.

Амбулаториялық кезеңде дәрі-дәрмектерді тегін жіберу, амбулаториялық-емханалық ұйымға (емхана, ОДА және т.б.) тіркелу орны бойынша дәрігер рецептісі арқылы Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелері (бұдан әрі-Тізбе) негізінде жүзеге асырылады.  

2014 жылы Тізбеге өзгерістер енгізілді. Өзгерістер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы ДСМ 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу).

Өзгерістер келесі ауруларға қатысты:

1) Халықтың белгілі санаттарын қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда, Дәрілік заттар тізбесі халықтың барлық санатттары үшін базалық терапияға бөлінген. Қосымша терапия халықтың әлеуметтік осал топтарына тек  5 аурулар бойынша ғана қамтамасыз етіледі: жүректің ишемиялық аурулары, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі және остеоартроз, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына 18-жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, ҰОС қатысқандар, мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер жатады.

10 дәрілік заттар алып тасталды - Дилтиазем, таблетка ретард, Корведилол, таблетка, Метопролол, таблетка ретард, Лизиноприл, таблетка, Лозартан, таблетка, Лозартан  калий+гидрохлоротиазид, таблетка, Валсартан+гидрохлортиазид, таблетка, Теофиллин, капсула, Теофиллин, капсула ретард, Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған аэрозоль, мөлшерленген.

3) Келесі аурулар бойынша 10 дәрілік заттар Тізбеге қосымша қосылды: ревматоидты артрит, Крон ауруы және  тән емес колит, қант диабеті, ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондыру т.б.

а) Бронхиалды астма 2 препарат: Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ. Рофлумиласт таблетка;

б) Крон ауруы және тән емес колит - Метотрексат таблетка;

в) Қант диабеті: Глимепирид+метформин таблетка, Лираглутид, тері астылық енгізу үшін ерітінді;

г) Ағзалар мен тіндері ауыстырып қондырылған емделушілер үшін – метилпреднизолон таблетка;

д) Ревматоидты артрит 1 препарат голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді;

ж) Жүректің ишемиялық ауруы - Ацетилсалицил қышқылы+Клопидогрель, таблетка;

з) Шунттау және стенттеуден кейінгі,  жүректің жармақшалары протезделген науқастар - Ацетилсалицил қышқылы+Клопидогрель, таблетка и т.д.

Тізбе бойынша №726 және №786 бұйрықтар қоса беріледі.

Тізбе қаланың амбулаторлық-емханалық ұйымдардың ақпараттық стендтерінде ілінген және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының және қаланың медициналық ұйымдарының сайттарында орналасқан.

Емдеуші дәрігер аурулар бойынша диспансерлік есепте тұратын емделушілерге рецепттерді Тізбеге сай жазып береді. Электронды рецепт айлық қажеттілік көлемінде айына 1 рет жазылып беріледі.

Амбулаториялық деңгейде тегін  қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттарды сатыпдың барлық қажетті шаралары жүргізілді. Қазіргі кезде дәрілік заттардың тегін босатылуы жылдың басындағы Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Дәрілік заттардың дәріханада болмау жағдайлары кей кездері ғана кездеседі. Қымбат тұратын нозологиялар (онкогематология, шашыраңқы склероз,  гемофилия, орфан аурулар, онкогематология т.б.) бойынша сатып алулар республикалық бюджет қаражатынан Бірыңғай дистрибьютор арқылы іске асырылады. Осы аурулар бойынша дәрі-дәрмектер Тәуелсіздік көшесі, 11/1 үй мекенжайындағы дәріханада босатылады (бұрынғы Манас көшесі).

Дәрілік заттар және аурулар тізбесі ҚР ДСМ №786 бұйрығымен бекітілген. 

786 бұйрық.

726 бұйрық.

726 бұйрыққа қосымша. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен 
бекітілген 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

1Жалпы ережелер

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
2. ТМККК-ге:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) мыналарды:

  • медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына  паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді. 

2ТМККК тізбесі

      3. ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:
      1) шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді және дәрілік формулярларға сәйкес  дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
      2) шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
      3) бұқаралық іс-шараларды  медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.
      4. ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:
      1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
      2) авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.
      5. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.

1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;

2) MСАК маманының және (немесе) бейiндi мамандардың медициналық айғақтары және жолдамасы бойынша 18 жасқа толмаған балаларға, жүктi әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» иегерлерiне, атаулы әлеуметтiк көмек алатындарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, инфекциялық, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратындарға (бұдан әрi - әлеуметтiк қорғалмаған топтар) көрсетiлетiн полимеразды тiзбектi реакция негiзiнде диагностикалауды, иммунофенотиптелудi, компьютерлiк және магниттi-резонансты томографияны, позитрондық-эмиссиялық томографияны, бiр фотондық эмиссиялық компьютерлiк томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулердi қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер;

3) медициналық қызметтер (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуiштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдаланып хирургиялық, экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар (бұдан әрi - медициналық қызметтер);

4) медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейiнгi балаларға физиотерапиялық емшаралар;

5) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тiс жұлуды қоса алғанда, 18 жасқа дейiнгi балаларға және жүктi әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа), қыздыру және химиялық қатайтылған композиттiк материалдардан жасалған пломба салу, сондай-ақ тiс-жақ аномалияларын жою үшiн аппаратты пайдалана отырып, туа бiткен жақ-бет мүшелерiнiң патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка);

6) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi iс-шаралар:

  • салауатты өмiр салтын насихаттау және тамақтану;
  • тұрғындарды гигиеналық оқыту, отбасын, ана болуды, әке болуды және балалықты қорғау;
  • халыққа қауiпсiз сумен жабдықтау және ұтымды тамақтану жөнiнде түсiндiру жұмыстары;

7) белгiлi бiр аурулары (жай-күйi) бар азаматтардың жекелеген санаттарын уәкiлеттi орган бекiтетiн дәрiлiк заттармен мамандандырылған емдiк өнiмдер тiзбесiне сәйкес тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз етуге сәйкес дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету;


8) уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексерiп-қарау;

9) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес инфекциялық және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егудi жүргiзу;

10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар;

11) анамнезiнде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерiн құю бар қан ауруларымен, қатерлi iсiктермен ауыратын гемодиализдегi балаларды «В» және «С» вирусты гепатиттерiне диагностикалауға скринингтiк зерттеулер (иммундық ферменттiк талдау, полимераздық тiзбектiк реакция) жүргiзу;

 

РҚАО-ның ескертпесi!

12) тармақша  2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі 

12) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі ересектерді, сондай-ақ «В» және «С» вирусты гепатиттерін жұқтырудың жоғары қаупі бар медицина қызметкерлерін «В» және «С» вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;

13) әлеуметтiк-психологиялық консультация беру.


 

Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.12.15 № 1363

(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен енгізілді.

6. Уәкiлеттi орган бекiткен түрлер мен көлемдерге сәйкес стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК мыналарды қамтиды:


1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;


2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;


3) медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда) медициналық айғақтар бойынша дәрiлiк фармулярларға сәйкес дәрiмен қамтамасыз ету;


4) медициналық айғақтар бойынша қан мен оның компоненттерiнiң препараттарымен қамтамасыз ету;


5) тиiстi күтiм жасауды және тамақтануды, оның iшiнде бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн ананы балаға күтiм жасау бойынша медициналық ұйымда болуының барлық кезеңiнде қамтамасыз ету;


6) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;


7) паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi.
 

Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.12.15 № 1363

 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
 

7. Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:

1) мамандардың тексерiп-қарауы, консультациясы;

2) медициналық айғақтары бойынша бiр күн iшiнде 4-тен 8 сағатқа дейiн медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда), дәрiлiк формулярларға сәйкес дәрiмен қамтамасыз ету.