1.  «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығының» негізгі мақсаттары болып табылады:

1.1. Қызмет көрсетілетін аумақтың тұрғындарына тікелей «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығында және үйде білікті арнайы медициналық көмек көрсету;

1.2. Өзіне қарасты аумақтың тұрғындарына және тіркелген мекемелердің қызметкерлеріне ауру-сырқауды, мүгедектікті және өлім-жітімнің төмендеуіне бағытталған алдын алу іс-шараларын кешенді түрде ұйымдастыру және өткізу;

1.3. Халықты (сау және сырқат) диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, ең алдымен жас өспірімдерді, жүрек-тамыр, онкологиялық және басқа ауруларға шалдығу қаупі жоғары адамдарды;

1.4. Халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, белсенділікті арттыру және жағымсыз әдетпен күресуді жүзеге асыру (темекі тарту, ішімдік ішу және басқа зиянды әдеттер).

2. Дербес мекеме болып табылатын «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» заңды тұлға құқығын пайдаланады және өзінің атауы белгіленген мөртабаны мен мөрі бар.